Асқар Мамин: Халықтың әл-ауқатын арттыруымыз қажет
ҚР Премьер-Министрі қызметіндегі алғашқы жұмысын бастаған Асқар Мамин Үкімет отырысында осылай мәлімдеді.
Премьер-Министр алдағы уақытта еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуын жаңа сапалы деңгейге шығарып, халықтың табысы мен тұрмыс деңгейін арттырып, тиімді жаңа жұмыс орындарын құрып, шағын және орта бизнесті дамыту керектігін айтты. Бұл – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. «Осы нақты шаралардың нәтижесінде халықтың әл-ауқатын арттыруымыз қажет», – деді.
Сондай-ақ жиында Асқар Мамин әріптестеріне Президент Жарлығымен тағайындалған министрлерді таныстырды.