Мәжіліс міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң жобасын қайта қарайды
Мәжіліс депутаттары міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң жобасын қарауға алды. Құжат маңызды үрдістің экономикалық құқықтық негіздерін күшейтуді көздейді.
Сондай-ақ Қазақстан мен Вьетнам арасында өзара құқықтық көмек көрсету жөніндегі келісімді ратификациялау мәселесі талқыланды. Депутаттар келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Қос тарап шартқа бір жыл бұрын Вьетнам астанасы Ханой қаласында қол қойған еді.
Екі ел бір-біріне қылмыстық істер бойынша көмек көрсетуі кезінде жергілікті заңдар ескеріледі. Қазақстан енді Куба, Грекия, Македониямен қылмыстық істер бойынша өзара көмек беру туралы келіспек.