Жамбыл облысында биыл 430 шақырым жол жөнделді
Жөндеу жұмыстары биыл мамырда басталу керек. Мамандардың айтуынша, алғашқы кезеңде 266 шақырым жолдың 25% төселеді. Бас-аяғы 4 жылда толық аяқталуы тиіс. Биыл аймақта 430 шақырымнан астам жол жөнделеді. Оның көбі – облыстық және аудандық маңызы бар ауыл аралық жолдар. Елді мекендердегі жолдарды күрделі және орта жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 11 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр.
Бақытжан Жәнібеков, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
- Бұл жоба техникалық экономикалық негіздемеге сәйкес 101 млрд теңгені құрап отыр. Оның Меркіден Шуға дейінгі аралық 1-санаттағы жол болады. Әрі қарай Шу қаласындағы айналмалы жол, одан Бірлік, Бірліктен Бурылбайтал жолына дейін 2-санаттағы жолға жататын болады.