Boeing 737 MAX жолаушылар ұшақтарын басқару бағдарламасы жаңартылады
Бұл – 2001 жылы АҚШ-та болған терактіден кейінгі ең төмен баға. Ол кезде құнды қағаздар 13% арзандаған еді.
Ал америкалық корпорацияның мәлімдеуінше, жақын уақытта Boeing 737 MAX жолаушылар ұшақтарында жаңа басқару бағдарламалары орнатылады. Борттық жүйені жаңарту туралы шешім Индонезияда болған апаттан кейін қабылданды. Ол кезде 189 адам мерт болды.
Еске салсақ, жексенбі күні Эфиопия әуежайынан аспанға көтерілген Boeing 737 MAX ұшағы 6 минуттан соң апатқа ұшырады. Борт экипажын қосқанда 157 адам опат болды.
Соңғы бірнеше айда және Lion Air ұшағының апатынан кейін Boeing компаниясы 737 MAX басқару жүйесін жаңартып жатыр. Бұл әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.
Атап айтқанда, ұшақты басқару жүйесі мен оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық жетілдіріліп, ұшқыштардың дисплейі жаңартылады. Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу, жоспарлау және сертификаттау барысында Boeing АҚШ Федералды азаматтық авиация басқармасымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.
Бірқатар елде Boeing 737 MAX ұшақтарының ұшуы тоқтатылды
Эфиопиядағы қайғылы оқиғадан соң әлем елдері Boeing 737 MAX ұшақтарын тексеріп жатыр. Аустралия мұндай лайнерлердің ұшуына тыйым салған елдер қатарына қосылды. Ал Аргентина әуекомпаниясының пилоттары Азаматтық авиация басқармасынан қауіпсіздікті күшейтуді сұрап, лайнермен ұшудан бас тартты. Мұны осы елдің ұшқыштар қауымдастығы мәлімдеді. Бұған дейін 737 MAX-тарды Эфиопия, Қытай, Индонезия және Сингапур жерге қондырған болатын. Ал АҚШ ұшақтарға тыйым салмағанымен компаниядан жүйені өзгертуді талап етіп отыр.