Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды әлемге бейбітсүйгіш ел ертінде танытты
Бірақ қуатты, мықты мемлекет құру үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа осы уақыт жетті. Қазақтың Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекетті қалыптастырып, дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Ең ауыр өткелдерден, қиын-қыстау кезеңдерден, ауыр жылдардан халқын аман алып шыққан бірегей тұлға.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың азат Қазақстанның шекарасын шегендеп, экономикасын нығайтып, қоғамның бірлігін ұйыстырып, рухани байлығын түгендеген еңбегін бірде-бір саясаткер жоққа шығара алмайды. Тәуелсіз елдің тұтас буындары, тұтас ұрпақтары Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқарған жылдары өсті, жетілді, ес жиып, етек жапты.
Нұрсұлтан Назарбаев жетілдірген жастар буыны – қазақстандықтардың бәсекелі, сапалы буыны. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды әлемге тек тәуелсіз мемлекет ретінде ғана емес, оны жаһанға бейбітсүйгіш ел ертінде танытты. Соның арқасында бүгінде Қазақстан және қазақстандықтар күллі жаһан жұртына қадірлі, құрметті.