Серікбай қажы Ораз: Қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуде Тұңғыш Президенттің еңбегі өлшеусіз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз осындай пікір білдірді. Бас мүфтидің айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіздікке алғаш қадам басқан 90-шы жылдардың қиын-қыстау кезеңінде мемлекеттілікті дамытып, ел іргесін нығайта білді.
Серікбай қажы Ораз, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:
- Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасымыздың Қазақстан игілігі үшін қосқан ерен еңбегі, тұтастай тәуелсіз елдің іргетасын қалап, елорданы құрып, тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқан барша халықтың басын тұтастай біріктірген, Мәңгілік елдің болашағы, берекесі, тұтастығы үшін еткен еңбегін халқымыз ерекше құрметтейді деп ойлаймын. Сондай-ақ оны баршамыз аса жоғары бағалаймыз.