Қырғызстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жақсылық, ұзақ өмір тіледі
Бұл – Тұңғыш Президенттің халықаралық аренадағы жоғары беделінің тағы да бір айғағы.
Нұрсұлтан Назарбаев – ұлттық қана емес, әлемдік деңгейдегі тұлға. Бұл туралы Қырғызстан Президентінің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған. Қырғызстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі таңдағы көрнекті саяси және мемлекет қайраткері, реформатор, өңірдегі интеграциялық үдерістің құрушысы екеніне тоқталған.
Қырғызстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы одақтастықты, стратегиялық әріптестікті, достық көршілес қарым-қатынасты нығайтуға және өркендетуге қосқан үлесін атап көрсетті. Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа жақсылық, ұзақ өмір тіледі.
Елді экономикалық өрлеуге жетелеген және халықтың әл-ауқатының жақсаруына сеп болған маңызды реформалардың авторы. New York Times басылымында жарыққа шыққан мақалада осылай делінген.
Білге қағанның жолын басқан көшбасшы. Анкара Хаджы Байрам Уәли университеті Түркия зерттеу орталығының директоры, профессор Хулия Касапоғлы Ченгел Facebook парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін уақытынан бұрын тоқтатуына қатысты осындай пікір білдірді.
«Елбасым, Сіз үлкен саясатыңыздың арқасында Түркі әлемінің қазіргі Білге қағаны ретінде Түркі тарихына есіміңізді алтын әріппен жаздыңыз. Ұлттық рух Сіз арқылы Қазақтың ғана емес, бүкіл Түркі жастарының бойына сіңген. Түркі ұрпағы ретінде Сізге тағзым етемін».
Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық реформаларды қоса алғанда жаңғыру реформаларын ілгерілетті. Еуропалық Одақ сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Майя Косьянчичтің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікірі осындай.
«Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке жәрдемдесуге айрықша мән бере отырып, өңірлік, сонымен қатар жаһандық деңгейдегі ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөлге ие болды».
«30 жыл ел басқарған Қазақстан Президенті өкілеттігін тоқтатты. Әйгілі Washington Post басылымында жарыққа шыққан мақалада Кеңес Одағының тарауынан кейін әлемдегі ең ірі ядролық арсеналға ие болған мемлекетті басқарған Нұрсұлтан Назарбаев дұрыс шешім қабылдады», – делінген.
Авторы: Меруерт Жақан