Еуропалық сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді
Испандық политолог, көптеген кітап пен Қазақстан және Орталық Азия аумағы туралы мақаланың авторы Антонио Алансо Маркос осындай пікірде. Сонымен қатар сарапшы Қазақстанның Тұңғыш Президентін өз елінде ғана емес, бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін атқарған еңбегін ерекше атап, бітімгер ретінде де танылғанын айтады.
Антонио Алансо Маркос, саясаткер, Ceu San Pablo университетінің адъюнкт-профессоры:
- Қазақстан – бір тудың астында түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт және келісімде тұратын алып мемлекет. Бұның бәрі Тұңғыш Президенттің арқасында. Оның БҰҰ құндылықтары мен қағидаларына сай келетін бітімгерлік бастамаларын да ерекше атап айтқым келеді. Оның арқасында Сирия бойынша келіссөздер басталды. Әрине, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды өзгерте алды. Бүгінде бұл ел – көп партия жұмыс істейтін, Парламенті бар, демократиясы дамыған ел. Қазақ елі Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өркендей алды.