Нұрсұлтан Назарбаевқа халықтың алғысы шексіз
Елорда тұрғындары Нұрсұлтан Әбішұлының осы уақытқа дейін атқарған тыңғылықты істерінің жемісін көргендігін айтты. Тұғыры биік тәуелсіздігімізді сақтап, әлемдік аренада бітімгер ретінде танылған ұлт перзентіне астаналықтар ыстық ықыласы мен жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Блиц:
- Мен сабақта отырдым. Мұғалімдерден естіген кезде өзіміз біртүрлі болдық. Аяқ астынан болып тұр ғой. Енді бәрі жақсы болсын.
- Бұл жаңалықты естіген кезде біраз мұңайдым. Өйткені Тұңғыш Президентіміз бізді әлемдік деңгейде дамыған, өркениетті елге айналдырды. Ол кісінің елге сіңірген еңбегі расында да өлшеусіз деп айта аламын.
- Кешеден бері толқу үстіндеміз. Халық адырап қалған сияқты. Бірақ енді бәрімізге ұйымшылдық пен осы тәуелсіздігімізді тік ұстап, ғасырдан ғасырға көзінде оты бар қазақтарымызды тәрбиелей берейік.
- Мемлекетіміздің осылай өркендеуіне қосқан үлесі орасан зор деп ойлаймын. Ол кісі енді ешқайда кеткен жоқ. Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы. Әрі қарай мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қоса береді деп ойлаймын.