Хабар телеарнасы

Асанәлі Әшімов: Нұрсұлтан Назарбаевқа рахметімді айтамын

Халыққа жасаған еңбегі ұшаң-теңіз, соның ішінде өнерге деген жанашырлығы елдегі мәдениеттің өркениетке бет бұруына сеп болды. Бұл – КСРО халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтың пікірі.

Асанәлі Әшімов, КСРО Халық артисі:

- Театр, кино саласы, жалпы өнерге қамқоршы болып, елмен елді таныстыруда, Қазақстанның атын шетке шығаруда Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. Сол үшін рахметімді айтамын.