Астана мен Қазақстан митрополиті Александр БАҚ-қа Елбасы шешімі туралы өз мәлімдемесін жолдады
Елбасының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан халқы саяси және әлеуметтік-экономикалық даму жолынан өтті, біздің жас мемлекетіміз халықаралық сахнадағы беделін айтарлықтай нығайтты. Ұлт көшбасшысының ұзақ жылдар өз халқына жасаған адал қызметінің арқасында елдің саясат, экономика, ғылым мен мәдениет саласындағы дамуының басты бағыттары айқындалып, жаңғыртуға қол жеткізді. Қазақстандағы рухани өрлеу дәуірі де Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Миллиондаған халық құдайға ашық сыйынып, өз балалары мен немерелерін осы сенімде тәрбиелеуге мүмкіндік алды, қираған қасиетті орындарды қалпына келтіріп, жаңа шіркеулер тұрғызуға жол ашылды.
«Нұрсұлтан Әбішұлының Президенттік өкілеттігін тоқтатқанымен, ел болашағы үшін аянбай еңбек етуді жалғастыра беретініне біз бәріміз де сенімдіміз», – деді митрополит.