СҚО-да Наурыз мейрамына дайындық қызу үстінде
Биыл мереке Қазақстанның бірінші Президенті саябағында ұйымдастырылды. Алаң Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сай безендірілді. Яғни, жеті ақшаңқан киіз үй тігілді. Атап айтсақ, «Ұлы жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны», «Алтын адам», «Аң стилі», «Ұлы даланың ежелгі металлургиясы», «Түркі дүниесінің бесігі» және «Атқа міну мәдениеті». Яғни, аталған шаңырақтардың барлығында сол кезеңдерден сыр шертер құнды жәдігерлер қойылды. Осылайша тұрғындар олардың тарихымен танысуға мүмкіндік алды. Келушілердің көбін «Ботай» қонысы қызықтырды.
Әлия Үсейінова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері:
- Осы күнге дейін «Ботай» қонысында 100 мыңнан артық жылқының сүйектері табылса, 10 мыңнан артық артефактілер табылған. «Ботай» қонысы жайлы және де жылқы мәдениеті жайлы біз киіз үйімізде, әз-Наурыз мерекесінде халық біздің тарихи-мәдени құндылығымызды сақтап, біліп отырсын деп көрсетіп отырмыз.