Өнерпаздар ел астанасы үшін айтулы өзгеріске қолдау білдірді
Мереке болса, әкімдік ғимаратының алаңына жиналып, іс-шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Енді ондағы кешке әншілер, елге танымал спортшылар, театр қызметкерлері қатысты. Өнер өкілдері елорда атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдайтындарын айтты. «Қала орталығында салтанатты концертті де осыған арнаймыз. Ел астанасы үшін айтулы өзгеріске халық болып қолдау білдіреміз», – дейді астаналықтар мен қала қонақтары.
Айболат Сексенбаев, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры:
- Наурыз мерекесі қарсаңындағы үлкен шешімдердің бірі – елорда атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуі. Бұл Елбасымыздың ерекше құрметіне арнайы жасалған шешім деп қабылдаймын өз басым. астанамыздың Нұр-Сұлтан болып өзгеруі оның жаңаша дамуына, жаңаша қарқында өсуіне үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.
Рүстем Жүгінісов, әнші:
- Астанамыз 30 жыл бойы еңбектеніп өткен біздің Елбасымыздың атымен аталып жатыр. Өз басым қатты қуаныштымын, қолдаймын және барша жастарды бірге қолдауға шақырамын.