Хабар телеарнасы

Ресейде Наурыз мерекесіне келушілер үшін 20-ға жуық ұлттық павильон тігілді

Келушілер үшін жиырмаға жуық ұлттық павильон тігіліп, түрлі ұлттық тағамдар ұсынылды. Ұлттық ойын түрлерінен жарыстар да өткізілді. Сондай-ақ үш тонна күріш дайындалған шығыс тағамдарының фестивалі өтті. Жыл сайын бұл шараға он мыңнан аса тұрғын мен турист қатысады. Мерекелік жиын соңында әр елдің әртістері өнер көрсетті.

- Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Наурыз құтты болсын!

- Бұл – ең алдымен ұлттардың ынтымақтастық мейрамы. Барша қазақ елін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын!