Президенттің төрағалығымен 3 мегаполис және облыс әкімдері қатысқан кеңес өтті
Мемлекет басшысы бірқатар сала басшысы мен әкімдердің есебін тыңдап, жұмыстарды жандандыруы тиіс бірнеше бағытты атап айтты. «Ол – бюджетті түзуді түбегейлі қайта қарау. Қазір ел бюджетінде қажетсіз шығындар өте көп деді», – Президент.
Сондай-ақ ол елге инвестиция тарту, таза ауызсумен қамту секілді мәселелерді айта келе әкімдерді халықпен қоян-қолтық жұмыс істеуге шақырды. Келелі кеңесте тағы не айтылды?
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы атанғанына тура бір апта. Бұл – мұндай форматтағы алғашқы жиын. Ақордаға үш мегаполистің және облыс әкімдерін жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев өте жауапты кезеңде жұмыс істеп отырғандарын еске салды. Шынымен қазір Қазақстан үшін, оның халқы үшін маңызды кезең. Билік сабақтастығы, елорда атауының өзгеруі секілді тарихи оқиғалардың тоғысын көрдік, сезіндік. Сондықтан Президент сабырлылықпен, парасаттылықпен жұмыс істеуге шақырды. Кеңесте әуелі Қаржы министрінің баяндамасы тыңдалды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі:
- Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің әлеуметтік экономикалық даму болжамына сәйкес өсім 3,8% деңгейінде болжанып отыр. Бірақ біз ішкі және сыртқы факторларды еске алсақ, Үкіметтің жұмысын ескерер болсақ, жалпы ішкі өнімнің өсуі 4% жоғары болады деп күтудеміз.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге бюджеттің қаржысын шынайы экономикаға шашусыз жеткізуді қадап тапсырды. Жергілікті билікті әлеуметтік саясатқа етене араласуға шақырды. Себебі қазір әлеуметтік шығындардың тек 5,3% ғана өңірден бөлінеді. Сондай-ақ Президент бюджетке деген көзқарасты түбегейлі өзгертуді ұсынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Есть ли новые подходы к переформатированию бюджета? Все же я был свидетелем, работая в Парламенте. Бюджет, я считаю, у нас не сбалансированный. В первую очередь социальная составляющая растет. Источники не генерируются пополнением бюджета. Вторая часть – это не производительный, так скажем в кавычках расходы бюджета. Қажетсіз, жөнсіз шығындар көп. Өте көп. Бюджетке деген көзқарасымызды түбегейлі өзгертуіміз керек.
Мемлекет басшысы осы кеңесте білім беру жүйесіндегі үштілділік бағдарламасына ерекше тоқталды. Бұл ретте сала министрінің пікірін тыңдай келе балалардың болашағы үшін қай тілдерге басымдық берілу тиістігін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Менің бір сұрағым бар. Білім министрлігіне үштілділік деген бағдарлама берілді. Бұл мәселеге қатысты ұстанымыңыз қандай?
Күләш Шәмшидинова, ҚР Білім және ғылым министрі:
- Үштілділікке байланысты ұсыныс берілген болатын. Балалар қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқу үшін жеткілікті болу керек. Министрлік тарапынан осы уақыт ішінде 11 мың мұғалімді, яғни химия, физика, биология, информатика пәндерінің мұғалімдерін ағылшын тіліне оқыту жұмысы жүріп жатыр. Ендігі жылы осыған бөлінген қаржыны тоқтатамыз деп отырмыз Жалпы үштілділікке көшу мәселесін мектептердің, ұстаздардың дайындығына байланысты ғана жалғастырамыз. Қазіргі таңда тек қана 153 мектепте 4 пән ағылшын тілінде өткізіліп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Жақсы. Шын мәнінде бұл – өте күрделі мәселе. Менің ұстанымым ең алдымен қазақ тілі болу керек. Орыс тілі болу керек. Бұл біздің балаларымызға өте қажет. Ағылшын тілін кеңірек оқытуға болады.
Экономикалық өсім ең негізгі үш факторға тәуелді. Олар: инвестиция, экспорт және индустриализация. Әсіресе инвестиция тарту мәселесінде орталық пен өңірлердің, мемлекет пен бизнестің өзара ықпалдаса жұмыс істегені керек. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Инвестиция тарту мәселесінде кейбір өңірлерде кедергілер бар», – деді. Ол: «Министрлер мен әкімдер жұмысы тікелей инвестиция тартуымен бағаланатын болады», – деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Биыл Тікелей инвестициялар қоры құрылды. Дегенмен белсенді жұмысқа облыстардағы кедергілер мен шектеулер тосқауыл болып отыр. Ал әлеуеті мықты инвесторлар тілемшіленіп кетеді. Жер алу, инженерлік және электр желісін тарту, неше түрлі рұқсаттарды алуда осы проблемалар бар. Мұны жылдам шешудің орнына әкімшіліктерде сол баяғы бюрократия тұр. Түбі шешілмеген соң әлеуеті мықты инвестор өзге елге кетеді. Бұл тек шетелдік қана емес, отандық инвесторларға да қатысты. Әкімдер мен Үкімет бұл мәселені шешу үшін барлық амалын жасап, айыпты лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту керек. Елбасы шешімімен Тікелей инвестициялар қорына Ұлттық қордан 370 млрд теңге бөлінді. Сондықтан осы қордан биылдан бастап жақсы нәтиже күтемін. Министрлер мен әкімдер негізгі жұмыстары шикізаттық емес экспорт пен тартқан инвестицияларына қарай бағаланатынын жақсылап түсінсін. Президент Әкімшілігі мемлекеттік органдарды жүйелі бағалау үшін қажетті өзгерістерді енгізсін.
Таза ауызсу. Соңғы 15 жылда біз үздіксіз айтып келе жатқан маңызды мәселенің бірі осы. Жыл сайын бұл мақсатқа жүздеген миллиард теңге бөлінеді. Бірақ нәтижесі көзге көрінбейді, көңілден шықпайды. Қасым-Жомарт Тоқаев таза ауызсу мәселесін 2020 жылы толық шешуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мы всё время говорим уже на протяжении почти 15 лет о необходимости обеспечения чистой питьевой водой населения. Столько слушаний провели, заседаний. Кто-нибудь подсчитывал? Каждый год мы выделяем средства на эти цели. Допустим, за последние 10-15 лет сколько средств было выделено? Какие результаты были достигнуты? Это же важнейший вопрос, который непосредственно касается устойчивого развития экономики Казахстана.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
- Такая работа постоянно ведется. Ежегодно за счет выделяемых средств, порядка 100 млрд выделяется из различных источников. Количество населения, которое обеспечено чистой питьевой водой, растет на 3-4%. Сейчас на съезде дополнительно озвучено поручение по выделению до 2025 года еще 140 млрд. За счет этого до 2025 года мы должны обеспечить практически 100% городского и 95% сельского населения чистой питьевой водой.
Президент «Қаламқас» мұнай кен орнындағы апатқа жеке тоқталды. Бұл оқиға қазір көпшіліктің назарында. Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаев жағдайды баяндап берді.
Ерлан Тұрғымбаев, ҚР ІІМ министрі:
- На сегодняшний день у нас силы и средства мобилизованы. Из Атырау вчера ночью буквально два мощных транспортных средства подогнали. Это газопенные установки, которые тушат именно такие техногенные аварии. Сегодня мы будем двигаться на уровень 50 метров, опасная черта, но другой пока у нас технической возможности нет. Будем проводить дальше работы.
Кеңес барысында Президент әкімдерді есеп беріп жарысуға емес, халықтың игілігі үшін жұмыс істеуге үгіттеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Менің әкімдерге айтар өтінішім бар. Сіздер Ақорда алдында түрлі жобаларды іске асырғандарыңызды айтып, есеп беріп, ақпарат таратып, былайша айтқанда жарысып кетесіздер. Бірақ бірнеше жылдан кейін іс жүзінде түк шешілмегені анықталып жатады. Егер әкім ауысып кетсе, бәрі қаз-қалпында қалып, ұмытылып кетеді. Міне бұл – қазіргі ушығып тұрған мәселе. Осы жердегі әкімдердің көңіліне келмес үшін мен қазір ешкімнің атын атамаймын. Нақты халықтың игілігі үшін жұмыс істейік.
Кеңесте Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалырының әкімдерінің есебі тыңдалды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің айтуы бойынша өткен жылы қала экономикасы 3,9% өскен. Мемлекет басшысы бас шаһардағы ашық құдықтарға алаңдаушылық білдіріп, әкім Бақыт Сұлтановқа бұл мәселені түбегейлі шешуге тапсырма берді.
Бақыт Сұлтанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:
- Мы проблему решаем системно. И сейчас по люкам будем применять новые технологии. Уже создается производство по композитным материалам, чтобы не воровали железные и чугунные люки. И плюс мы начали делать систему защиты, чтобы люди не падали в открытые люки.
«Әлеуметтік әділетті мемлекет құру жолындағы жұмыс жалғаса береді», – деді Мемлекет басшысы. Осыған дейін Президент жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын 1 маусымнан бастап, яғни бір айға ерте көтеруді тапсырған болатын. Ал әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтерді беру мәселесін жеделдетуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Әкімдерге бұл пәтерлерді мамыр айынан беруді тапсырамын. Біз әрбір қазақстандықтың сапалы өмір сүруі үшін жағдай жасауымыз керек. Сондықтан халықтың тұрмыс сапасына әсер ететін барлық мәселені жүйелі түрде қарауымыз шарт. Инфрақұрылым, оның ішінде тұрғын үй, сумен жабдықтау, жол, газ мәселесі. Халықтың тұрмыс сапасын арттыру – Үкімет пен барлық әкімнің негізгі міндеті.
Халыққа жақын бол. Президент әкімдерге қарапайым халықтың мәселесін жылдам қарап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды. Қазіргі халық пен билікке ортақ күш әлеуметтік желілердің әлеуетін дұрыс пайдаланған жөн. Бүгінгі биліктің бір кемшін тұсы халықпен кері байланыс орнатпайды. 17 әкімшіліктің тек төртеуінде ғана call орталықтың номері бар, ал мобильді халықтық бақылау 7 өңірде ғана іске қосылған. «Облыс әкімдері елді мекендерді жиі аралауы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Әкімдерге халықпен қарым-қатынас жасаудың жаңа форматын игеру міндет. Барынша ашық, кең ауқымда жедел жұмыс істеу керек. Өңір басшысы қарапайым халықпен тікелей тілдесуге тиіс. Бұл облыс басшысынан бастап ауыл әкіміне дейінгі ортақ тапсырма.
Кеңесте Президент елдің алдағы дамуының алты негізгі бағытын айқындап берді. Ол экономиканы дамыту, халықтың өмір сүру сапасы, халықпен тығыз жұмыс істеу, төртіншісі жастармен жұмыс күшейту, қоғамдық қауіпсіздік және мәселелерді жедел шешу. «Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген бағыттан таймаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Яғни халықтың әлеуметтік жағдайы басты назарда. Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға сәттілік тілей отырып, нақты нәтижелер күтемін», – деді.
Авторлары: Гүлжан Марқабаева, Асхат Әзіретханов