ШҚО-да бірнеше үй мен аулаға су кірді
Ақпан айында ғана алдын алу жұмыстары қолға алынып, Куликов өзені бойында орналасқан үйлердің сыртынан инертті материал төселген. Соған қарамастан су жер астынан шығып, аулаларға таралып жатыр. Мамандар су басқан екі үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Бесқарағай ауданы құтқарушыларына Семей қаласынан қосымша жасақ көмекке келді. «Осы уақытқа дейін 30 мыңға жуық текше метр су сорылды. Бұл ретте 8 мотопомпа жұмыс істеп тұр. Жер асты суларын ауыл сыртына жіберу үшін арнайы арықтар қазылып жатыр», – дейді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Александр Ломыгин.