Отқа оранған «Қаламқас» кен орнын жою жоспарлануда
Бұл туралы Маңғыстау облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшылары мәлімдеді. Қазір арнайы комиссия құрылып, ұңғыманың тағдырын шешуде. Әлі толық қазылып бітпеген ұңғымадан енді қара алтын өндіру тоқтауы мүмкін. Мамандар сондай-ақ өрттің өздігінен өшпегенін, кешенді сөндіру жұмыстарының нәтижесінде тоқтатылғанын айтады. Қазір тапсырысты орындаушы «Су-бу» компаниясы өрт шалған және су мен газ қоспасынан ластанған аумақты қалпына келтіруге кірісіп кетті. Ал қоршаған ортаға келтірілген залал көлемі мен өрттің шығу себебі бір айдан кейін белгілі болады.
Бақыт Иманбаев, мұнай компаниясы бас директорының орынбасары:
- Грифон жер қабаттарының астарынан кенорнының ескіруіне, техногендік жағдайына байланысты болды. 7 млрд өндірдік, 14 млрд қалды дегеннің өзінде сол орынның өзі жоққа айнала бастады. Бірақ біз толтырып жатырмыз. Соның өзінде де жасалып жатқан шараларға қарамай, ол тектоникалық бұзылуы бар кенорындар деді. Оны кешегі жасалған соңғы сейсмикалық бағдарламалардың қорытындысымен біліп жатырмыз. Сондықтан болашақта «қайталанады, қайталанбайды» деп ешкім уәде бере алмайды.