Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ төрағасымен кездесті
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Мирослав Лайчакпен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясатының бейбітшілдік сипатын да атап өтті. Ал халықаралық ұйым жетекшісі Қазақстанның халықаралық дағдарыстарды реттеудегі стратегиялық рөліне ерекше тоқталды. Кездесу аясында тараптар күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылап, Қазақстанның осы ұйыммен алдағы ықпалдастығына тоқталды.
Мирослав Лайчак, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы:
- Мені және делегациямызды қабылдауға уақыт тапқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Президент лауазымына кірісуіңізбен құттықтаймын! Сондай-ақ Сізге және еліңізге зор табыс тілеймін! Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде Қазақстанға келгеніме қуаныштымын.