Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы саяси бағытымыздың сабақтастығын қамтамасыз етудің және Қазақстанның стратегиялық серіктестерімен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған шараларды біртіндеп іске асырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ шет елдерге жасалатын сапарларға және халықаралық іс-шараларға мұқият дайындалу қажеттігін атап өтті. Ал Бейбіт Атамқұлов елімізде болған саяси оқиғаларды халықаралық ұйымдардың басшылары оң бағалап жатқанын жеткізді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- В Казахстане произошли очень серьезные политические изменения. Мы показали всему миру, что мы действуем в рамках Конституции, обеспечив спокойный и мирный транзит власти.
Бейбіт Атамқұлов, ҚР Сыртқы істер министрі:
- Халықаралық ұйымдардың басшылары Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді жүзеге асыра беретініне сенім білдіруде. Әлемдік қоғамдастық Сіздің жаһандық бастамаларыңызды және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесіңізді, соның ішінде ядролық қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау ісіне сіңірген еңбегіңізді жоғары бағалауда.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Поскольку я как Председатель Совета Безопасности определяю внешнюю и внутреннюю политику страны, мы будем вместе ее вырабатывать. Главное направление – неизменность внешнеполитического курса, который был до этого выработан. Прежде всего, обратить внимание на наши взаимоотношения, сложившиеся с ближайшими соседями. В ближайшее время предстоят следующие работы – визит Президента Южной Кореи и мои с ним переговоры и встречи. Второе – мой визит в КНР и участие в «Один пояс – один путь». И третье – Евразийский экономический союз, 5-летие которого мы будем отмечать здесь, в нашей столице.