Хабар телеарнасы

Балаларға зәбір көрсеткен ана екі айға үйқамаққа алынды

Бұл туралы Жетісай аудандық соты шешім қабылдады. Өгей шешеге Қылмыстық Кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып отыр. Қорлау және кәмелет жасқа толмаған жеткіншектер тәрбиесіндегі өз міндетін орындамау.

Айта кетейік, бұған дейін күдіктіге қатысты сот қамауға алу туралы ұсынысты қараған еді. Алайда қатыгез келіншектің 2 жасқа толмаған сәбиі бары және аяғы ауыр екені ескерілді.