Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Инді қабылдады
Елбасы мәртебелі мейманға ілтипат көрсетіп, екі мемлекет арасындағы экономикалық және саяси ынтымақтастықтың тиімділігіне тоқталды. Сондай-ақ Оңтүстік Корея мен Корей Халық Демократиялық Республикасы арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңыздылығын атады.
Өз кезегінде Мун Чжэ Ин Қазақстанның экономикалық дамуы Елбасы саясатының нәтижесі екенін айтып, бейбітшілік пен келісім бағытында, соның ішінде ядролық қарусыздану мен оны таратпау саласында еліміз жүргізіп отырған саясатты жоғары бағалады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Я рад приветствовать Вас в Казахстане. С первых дней нашей Независимости у нас сложились добрые отношения с Южной Кореей. Мы с нуля строили наше экономическое и политическое сотрудничество. Мы высоко ценим Ваш интерес к Казахстану и Центральной Азии в целом.
Кездесу соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Ин Тұңғыш Президент кітапханасының көрмесіндегі экспозициялармен танысты. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға берілген және оның 1960 жылдан бері жинақтаған кітаптары мен басылымдары бар. Сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық қызметіне байланысты 120 мыңнан астам архив құжаттары, бірегей өмірбаяндық, шығармашылық материалдар сақтаулы.