Хабар телеарнасы

160 378 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек беріледі

Ақмола облысында 4 295, Қарағанды облысында 6 026, Қостанай облысында 5 464 отбасының құжаты мақұлданды. Павлодар өңірінде 4 278, Солтүстік Қазақстанда 2 779 отбасы, Атырау өңірінде 3 440, Батыс Қазақстанда 6 267 отбасы өтініш берген. Ақтөбе облысында 9 363, Маңғыстау облысында 3 503 отбасы көмек алады. Шығыс Қазақстан облысында 9 210 отбасына атаулы әлеуметтік көмек берілуі тиіс. Жамбыл облысында 19 793, Қызылорда облысында 12 186, Түркістан облысында 30 977, Алматы облысында 21 886 өтініш мақұлданыпты. Еліміздің ірі қаласы Алматыда көмекке мұқтаж 3 105 отбасы болса, Шымкентте олардың саны – 15 460. Елордада 2 346 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады.

Еліміз бойынша барлығы 160 378 отбасы көмекке қол жеткізеді.