Белгілі сарапшылар саяси науқан туралы айшықты пікірлерін білдірді
Дегенмен кандидаттар сайлауалды бағдарламаларын халыққа жан-жақты түсіндіріп, кеңінен насихаттау үшін БАҚ мүмкіндігін пайдалану керек. «Бұл ретте телеарналардың ролі зор», – дейді елімізге белгілі саясаттанушы Айдос Сарым.
Айдос Сарым, саясаттанушы:
- Кандидаттар қанша талпынса да, бүкіл аймақтарды аралап, сайлаушылармен кездесе алмайтынын ескеретін болсақ, оларға өздерінің бағдарламасы туралы ақпарат жеткізуге немесе белгілі бір үндеу тастауға сөзсіз теледебат, телехабарлар арқылы тарағаны барынша дұрыс сияқты.
Айгүл Омарова, саясаттанушы:
- Қазір үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Әуелі сайлауалды бағдарламалары жазылған парақшалар жарияланады. Содан соң тұрғындармен кездесулер басталады. Кандидаттар өздерін халыққа қаншалықты көрсете біледі, сайлауалды уәделеріне сендіре ала ма? Дауыс берудің нәтижесі осыған байланысты болады.