Жамбыл Ахметбеков сайлау қорытындысы бойынша брифинг өткізді
Коммунистік халық партиясы ұйымдастырған брифингте Жамбыл Ахметбеков осылай деді. Сондай-ақ ол сайлау билік транзитінің қорытынды кезеңі екенін атап өтті. Жиында коммунистер үгіт жұмыстарына белсенді атсалысқан өңірлік бөлімшелеріне алғыс білдіріп, ендігі кезекте парламенттік сайлауға дайындалатындарын айтты.
Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Сайлау барысында менің белсенділерімді және маған дауыс берген сайлаушыларға алғыс білдіремін. Сайлау нәтижесі бойынша жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты құттықтаймын. Бұл сайлау Қазақстанның әрі қарай дамуына жалғастырар жол екенін білеміз.