«Жүз жылдық жылнама» жинағы жарық көрді
Қазақтың тарихынан сыр шертетін 5 томдық еңбекке ел шежіресіне айналған «Егемен Қазақстан» басылымында шыққан мақалалар топтастырылған. Оқырманға жол тартқан жаңа кітапта Алаш қайраткерлері мен өткен дәуірдің шындығын көрсететін төл тарихтың ақтаңдақ беттерін ашу қамында қозғалған өзекті деген тақырыптар легі толық қамтылған. Жинақтың электронды нұсқасы да көпшілікке қолжетімді.
Намазалы Омаш, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Бұл жобаның алдына қойған мақсаты – сол кезде жарияланған материалдарды түгелдей оқырмандарға жеткізу. Яғни ешқандай бұрмалаусыз, біреудің пікірінсіз түпнұсқасын беру. Тәуелсіз Қазақстан 20 жылдың ішінде қандай болды? 30-шы жылдардың ойранында қандай позиция ұстанды? Осының барлығы 5 томның ішіне енді.