ҚР Президентін ұлықтау рәсіміне байланысты елге танымал тұлғалар пікірлерімен бөлісті
«Халық қолдаған Президенттен күтеріміз көп», – дейді қоғам өкілдері.
Дана Нұржігіт, тележүргізуші:
- Еліміздің екінші Президентін сайлаған тарихи күнге куә болып отырмыз. Әрине, көңілде күптілік көп. Сол күптілікті сейілтетін Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның айналасына жиналатын мықты команда болсын деп тілеймін.
Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада чемпионы:
- Алға қандай мақсат қойғанын айтты. Әрине, оңай емес. Оның барлығын жалғыз Президент қана істей алмайды. Халық болып, ел болып, бәріміз ауызбіршілікпен бірдей атсалысуымыз керек. Қолымыздан келгенше жақсылық жасап, жастарға тәрбие беруіміз қажет. Қазақстанды көтеруіміз керек. Сонда ғана біз ұлы халық боламыз.
Рүстем Әбдірашев, режиссер:
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы сөздері, ойлары саясаттағы сабақтастық сияқты рухани жалғастығын табады деген ойдамын. Өйткені біздің кино өнеріміз ақырындап өркениетті, үлкен киноға қарай бет бұрып келе жатыр.
Ермахан Ыбрайымов, Олимпиада чемпионы:
- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлынан үлкен үміт күтеміз.. Бізге жаңа тапсырмалар қоятын шығар деп ойлаймыз. Сондықтан спорт, мәдениет саласы болсын бәрі алға ұмтылады деп ойлаймын.