ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша қосымша 5 мың грант бөлінді
ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша қосымша тағы 5 мың грант бөлініп отыр. 5 тамыздан бастап осы бөлінген 5 мың және мемлекеттік тапсырыс негізінде қайта бөлінетін 3 мың грантқа құжат қабылдау басталады. Онда жалпы конкурстан өтпеген 10 мыңнан астам талапкер бақ сынайды.
Жалпы конкурсқа қатысқан 64 500 түлектің 54 мыңы тегін оқу мүмкіндігін иеленді. Былтырмен салыстарғанда биыл грант нәтижелері 5 күн бұрын шығарылды. Бұл ретте жасанды интеллекттің де пайдасы тиді. Саладағы ашықтықты қамтамасыз етіп, жемқорлықтың алдын алды, сондай-ақ қателікке бой алдырмады. Өйткені компьютердің есебінен бөлек, 20 қызметкер екі ауысым бойынша әрбір жолақты жіті тексеріп, техникалық қателіктің болмағанына көз жеткізді.
Фатима Жақыпова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:
- Жалпы биыл конкурсқа 53 785 грант бөлінді, қатысушылардың саны 64 452 адам болды. Осы орайда бір грантқа орташа конкурс 1,29 адамды құрады.
Ал грант тізіміне ілікпегендер үшін тағы бір мүмкіндік туды. 5 тамыздан бастап ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша бөлінген қосымша 5 мың және мемлекеттік тапсырыс негізінде қайта бөлінетін 3 мың грантқа құжат қабылдау басталады. Онда жалпы конкурстан өтпеген 10 мыңнан астам талапкер бақ сынайды.
Фатима Жақыпова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:
- Президенттің тапсырмасына сәйкес 5 мың грант бөлінді. Кеше жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары аяқталды. Енді 5 тамыздан 15 тамызға дейін республикалық конкурсқа ілінбеген балалар сол конкурсқа қатысуға мүмкіндігі бар. Мұны көпбалалы отбасыдан шыққан балалар тапсыруға болады.
Талапкерлер арасында дәстүрлі түрде ұлттық университеттер жоғары сұранысқа ие.
Авторлары: Мерей Қалиасқар, Арман Ақшабаев