Нұр-Сұлтанда «Қазақ поэзиясының інжу-маржаны» антологиясының тұсаукесері өтті
Осылай деп қалам тербеген қара өлеңнің құлагері Мұқағали Мақатаев, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Қасым Аманжолов, Ілияс Жансүгіров секілді халқымыздың атақты шығармашыл тұлғаларының өлеңдері жарық көрген 13 кітап көрерменге жол тартты. «Қазақ поэзиясының інжу-маржаны» жинағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Президенттің тікелей қолдауымен шығарылып отыр. Жоба аясында Жұбан Молдағалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Фариза Оңғарсыновадан бөлек, бүгінде көзі тірі Мұхтар Шаханов, Олжас Сүлейменов секілді көрнекті ақындарымыздың туындылары да жеке кітап болып басылды.
Осы бастаманы қолға алған Мемлекет басшысы әр кітаптың алғысөзінде «төл әдебиетімізді ұлықтау, жауһар поэзияны ұрпақ игіліне айналдыру – міндет» екенін атап өткен.
Берік Уәли, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы:
- Президенттің өзі 30 автордың ішінен алғашқы 13-ті таңдап тұрып, осыларды шығару керектігін атап өткен болатын. Бұл – Президенттің өзінің нұсқауымен шығарылып отырған жинақ. Қазіргі заманда жастар кітап оқымайды деп көп айтамыз. Бірақ кітапты іздеп оқитындар жетерлік. Оның үстіне «поэзия» десе, қазақтың делебесі қозбай қоймайды.
Қазақ әдебиетіне өлшеусіз мұра қалдырған ақын-жазушылар шығармашылығын насихаттау мақсатында мқндай топтамаларды шығару дәстүрге айналмақ. Әзірге осы алғашқы 13 ақынның өлеңдері жазылған кітаптардың әрқайсысы 1 мың данадан басылған.
Әлібек Асқаров, жазушы, «Тіл – қазына» ұлттық орталығының бас директоры:
- Абай, Мағжан, Қасым және Мұқағали – қазақ поэзиясының эвересттері. Алдымен осы төртеуі айтылады да, кейін тағы 11 ақын, сосын көзі тірі Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов қосылды.