Ахмед Мурадов: Жолдаудан кейін бірқатар заңға өзгерістер енгізілетіні сөзсіз
Индира Жылқайдарова, тілші:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Биыл бұл маңызды сәт Парламент палаталарының сессия жұмысының басталуымен тұспа тұс келіп отыр. Президент өзінің алғашқы Жолдауында адам зорлау, есірткі саудасы, басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату мәселесін көтеретінін осыдан 3 апта бұрын әлеуметтік желіде хабарлаған болатын. Мемлекет басшысының адам зорлығы проблемасына аса үлкен мән беруі тегін емес. Себебі елімізде биыл жыл басынан бері 800 факті тіркелген, бұл – Бас прокуратураның ресми дерегі. Осы тұрғыда Парламент пен Үкіметке бірқатар тапсырма жүктелетіні сөзсіз.
Ахмед Мурадов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жолдаудан кейін бірқатар заңға өзгерістер енгізілетіні сөзсіз. Қоғамдық Кеңес құрылғанын білесіздер, ол арқылы мемлекеттік қызметшіден бастап мұғалім, дәрігер, зауыт жұмысшысының да пікірі ескерілетін болады. Жолдауда да өзекті мәселелер шешімін табады деген ойдамын.