Қасым-Жомарт Тоқаев: Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру
Ең алдымен – халықтың табысын арттыру. Ал бұл мәселені тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы ғана шешуге болады. Осы орайда тұрғын үй мәселесі басты проблемалардың бірі екені жасырын емес. Президент: «Түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударамын», – деген болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Әділетті әлеуметтік саясат туралы да айтқан. Адам капиталын дамыту саясаты жалғасады. Демек, жаппай білім беруді қолдау, сапалы медициналық қызмет көрсету деңгейі жоғарылайды. Бұл жерде мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылданады. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Олардың құқығын қорғап, материалдық жағдайын жақсарту үшін тиісті жағдай жасаймыз», – деді.