Қазақстандағы әуе қатынасының бағасы халық үшін қолайсыз
Оның айтуынша, негізгі әуе компаниядағы баға кейбір Еуропа елдеріне қарағанда 30% қымбат. Саланың бәсекеге қабілеттілігін азайтатын тағы бір мәселе отын шетелдік әуе компанияларына отандық тасымалдаушыларына қарағанда қымбатырақ сатылады. Президент: «Еліміздегі табиғи монополистердің жұмысын реттеу маңызды», – деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Үкіметке елдегі жалпы баға нарығы мен тариф жайын шешуді тапсырамын. Қазір азық-түлік, киім-кешек пен түрлі қызмет ақысы аспандап тұрғаны жалған емес. Әуе және темір жол саласындағы баға халыққа қолайлы әрі қолжетімді болсын.