Мемлекет басшысы мұнай-газ саласындағы инвестициялық ахуалды талқылады
Екіжақты кездесуде ресейлік компанияның Қазақстанда жүзеге асырып жатқан жобалары туралы айтылды. Кейін тараптар, мұнай-газ саласындағы өзара ықпалдастықтың келешегі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің энергетика секторын дамыту ісіндегі «Лукойл» компаниясының үлесін жоғары бағалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- «Лукойл» – біздің стратегиялық инвестициялық серіктесіміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сіздің компаниямен арадағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берді. Біз ұзақ уақыттан бері бір-бірімізді білеміз. Сондықтан осы жемісті ынтымақтастықтың табысты болатыны сөзсіз деп ойлаймын.
Вагит Алекперов, «Лукойл» мұнай компаниясының президенті:
- Біз Алматыда қуаттылығы 100 мың тонналық майлау материалдарын өндіретін зауыт ашамыз. Кәсіпорын жағармай материалдарының барлық түрін, атап айтқанда, 600 өнімді түрлі атаумен шығарады.