Нұртаза Самат: Жер бетінде атом бомбасын болдырмау керек
Бірақ адамзат өміріне алапат апат әкелетін қаруды таратпау туралы ұсынысты Мемлекет басшысы тағы да еске салды. Қасым-Жомарт Тоқаев беделді халықаралық ұйымның мінберінен жүйелі ой өрбітті. Көптің көкейінде жүрген сауалдарға жіті тоқталған ел Президенті ұсыныстарын ортаға салды.
Бұл жолы ядролық қарусыз әлем құруға қатысты бірқатар ұсыныс айтылған болатын.
Нұртаза Самат, саясаттанушы:
- БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясында Мемлекет басшысы Елбасының саясатын жалғастырып, қарусыздандыру және атомдық қарудан бас тарту саясатын жүргізді. Себебі көптеген мемлекет атом бомбасын сыртқы саясаттың күші ретінде қабылдайды. Менің ойымша, бұл жерде дүние жүзі неғұрлым атомдық қарудан бас тартса, біздің өміріміз соғұрлым жақсара түседі деген пікір қалыптасты. Президенттің айтуынша, Жер планетасында атомдық қаруы бар мемлекет қалмауы керек. Бұл – басты мақсат.
Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев: «Орталық Азия ғаламдық ауқымдағы аймаққа айналып келеді», – деді.
Нұртаза Самат, саясаттанушы:
- Әр мемлекетпен жеке-жеке сөйлесіп, нәтижесінде Жер бетінде атом бомбасын болдырмау керек деп ойлаймын.