БҰҰ-ның Тұрақты даму мәселелері жөніндегі форумына ҚР Президенті қатысады
Жиынға Италия, Тәжікстан, Испания, Бельгия сынды оннан астам елдің басшылары да қатысады.
Рауан Мыңбаев, тілші:
- БҰҰ штаб пәтеріне осымен екінші күн қатарынан тұтас әлем назары ауып тұр. Мұнда әлем басшылары тағы бір мәрте бас қосып, жаһандық сын-қатерлерге жауап іздейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі тұрақты даму мәселелері жөніндегі форумға қатысады. Жалпы бүгінгі таңда БҰҰ-ға зор жауапкершілік жүктеліп отыр. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш әлемдегі өзекті деген мәселелерді атап, алдағы 10 жылға арналған тұрақты даму мақсаттарын ұсынды. Сондай-ақ оны бірлесіп жүзеге асыру қажеттігін айтты. хатшысы Антониу Гуттериш ұсыныстарымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да мәлімдемесі үндес болды. Президент те жаһан жұртшылығын жер шарындағы әр түрлі қақтығыстарды тыюға шақырды. Атап айтқанда, Орталық Азия мәселесіне баса назар аударды. Сонымен қатар Сария дағдарысын реттеуге көңіл бөлді.