СҚО-да климаттық өзгерістер байқалады
Бұл ауа райын бұрынғыдай болжам бойынша емес, дәлме-дәл білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға септігін тигізбек.
Аграрлы аймақтағы алғашқы метеостанциялардың бірі Вагулино ауылына орнатылды. Енді шаруалар қар мен жаңбырдың қашан жауатынын, жердің ылғалдылығы мен ауа температурасын нақты білетін болады.
Ерғали Табылдынов, агроном:
- Мынау станция температураны, жердің, ауа температурасын, бәрін анықтап отырады.
Ольга Гаас, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты:
- Қазір ылғал бұрынғыдай бөлінбейді. Әсіресе шілденің жаңбырлары жиі жылжиды. Сондықтан тез пісетін бидай тұқымын себу керек. Ол кеш егілсе де, уақытында өсіп жетіледі.
Климаттың өзгергенін ғалымдар да растап отыр. Олардың пайымынша, ауа райы күрт құбылмалыдан континентальдікке ауысқан. Мәселен, СҚО-да жылдық температура 10°C-қа төмендеген, яғни күн жылып барады.
Андрей Солодовник, астрономия ғылымдарының доценті:
- Еуропа аумағында қалың ормандар болған. Олар ылғалды буландырып, аспанға тарайтын. Оның орнына Атлант мұхитынан жылы толқын келетін. Қазір ормандар сиреп, бұл құбылыс басылып қалды. Енді ол Каспий теңізі арқылы жүреді.
Күннің жылуын су тасқынынан байқауға болады. Синоптиктердің айтуынша, солтүстікте көктемгі жауын-шашын әр 10 жыл сайын 15 мм-ге ұлғаяды. Есілдің ерте тасуы да содан.
Наталия Левина, «Қазгидромет» МКК СҚОФ директорының орынбасары:
- Наурыз айы жылы және жауын-шашынды болады. Сондықтан көктемгі тасқын ерте басталады. Ал жаздыгүні керісінше жаңбыр жаумай, қуаңшылық болады. Сонымен қатар аптап ыстықтардан кейін күн күрт суытып кетеді.
Биыл СҚО-да қар кеш жауды. Қара жер қарашаның аяғында ғана ақ мамыққа оранды.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов