Қызылорда жастарына 9 мың пәтер беріледі
Ертеңгі күнге деген сенімділікті арттыра түсу үшін тұрақты жұмыс, тұрғын үй және білім алу мәселелерін шешу маңызды. «Осы ретте Мемлекет басшысының жалдау ақысы арзан тұрғын үймен қамту бастамасы жастарды ынталандыра түседі», – дейді Қызылорданың белсенді жастары.
Дәулет Ізбасарұлы, облыстық Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары:
- Бір жағынан бұл – материалдық көмек. 15 мың теңге қазір айлыққа шаққан кезде аз мөлшерде болуы мүмкін. Мысалы, облыс орталығына келіп, 60-70 мың теңге көлемінде пәтер жалға алып тұрып жатса, қазір 15 мың теңге төлесе, қалғанын отбасылық материалдық құндылықтарға жұмсауға мүмкіндіктері бар.