Үкіметтік емес ұйымдарға сыйақы табысталды
Комиссия қарауына 120 өтініш түскен. 15 бағыт бойынша 63-і үздік деп танылды. Олар өз өңірінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру, азаматтық қоғамды дамыту, жастар саясаты мен балаларды қолдауға арналған жобаларды табысты іске асырған. Үкіметтік емес ұйымдарды ынталандыру мақсатындағы арнайы сыйақы 2017 жылдан беріледі.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы ролі мен маңызы арта беруі қажет. Өйткені тек сіздер әлеуметтік мәселелерді қалай шешу керектігін жақсы білесіздер. Мемлекеттік органдарға да қандай бағыт-бағдар мен қадамдар жасау керектігін сіздер айқын көрсете аласыздар. Мақсатымыз ортақ – елімізді дамыту. Тәуелсіздік күні қарсаңында осынау марапаттың табысталғаны өте орынды деп ойлаймын.
Болатбек Әбдікәрім, ҮЕҰ арналған сыйақы иегері:
- Биыл біз мүгедек адамдарға ғимарат алып 25 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп жатырмыз. Келесі жылы 70 адамды қамтимыз деген жоспар бар. Онда біз тігін цехтарын, қолөнер, сосын баспа саласын дамытамыз.