Хабар телеарнасы

Тәуелсіздік мерекесіне орай шетел басшыларынан құттықтау хаттар келуде

Атап айтсақ, АҚШ Президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті ретінде Тәуелсіздік мерекесін алғаш атап өтуімен құттықтап, жаңа жылдың табысты болуын тіледі. Үндістан Президенті Рам Натх Ковинд елдеріміз арасындағы байланыстардың тарихи арқауы берік екенін атап, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне ниеттестік танытты. Сондай-ақ Испания Королі, Сингапур Президенті мен Австралия Одағының Генерал-губернаторынан да құттықтау хат келді.