«Ауыл» партиясының 190 мүшесі марапатталды
Еңбегі еленгендер арасында «Құрмет», «Шапағат» сынды жоғары марапаттарға ие болып, Президенттің «Құрмет» грамотасын алғандар бар. Дәстүрлі игі шара осымен 4-ші рет ұйымдастырылып отыр. Соңғы үш жылда партияның 500-ден астам мүшесі марапатталыпты.
Нұржігіт Бегалы, шаруа қожалығының төрағасы:
- Бізді жыл сайын шақырып, еңбегімізді бағалап, марапаттап жатқанына қуаныштымыз. Одан қала берді орден беріп жатыр. «Ауыл» партиясының басшылығына көп рахмет. Ауыл шаруашылығынан қорқуға болмайды. Себебі біздің бар тамағымыз ауылда, сол жақта сақталады, өндіріледі.