Хабар телеарнасы

Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттар келіп түсуде

Елімізді Жапония императоры Нарухито, Германия Президенті Франк Вальтер-Штайнмайер, Иордания королі Абдалла ІІ, Италия Президенті Серджо Маттарелла мен Польша Президенті Анджей Дуда құттықтады. Сондай-ақ халқымызға игі тілектерін жеткізгендердің арасында Израиль Президенті Реувен Ривлин, Финляндия Президенті Саули Ниинистё, Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурер, Сербия Президенті Александр Вучич, Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга бар. Олар құттықтау хаттарында қазақ еліне бақ-дәулет, үздіксіз даму, жетістік тілеген. Шетелдік көшбасшылар еліміздің жан-жақты әріптестік рөлін айқындап, серіктестікке қосқан үлесі үшін алғысын білдірген.