Қостанайлық еріктілер 200 келіден астам жылы киім жинады
«Жылылық сыйла» деген атаумен өтіп жатқан бұл шара желтоқсан айында бастау алды. Игі істі қолдағандар аз емес. «Әсіресе жастар жағы белсенді», – дейді ұйымдастырушылар. Жиналған жылы киім-кешекті еріктілер әлеуметтік бейімдеу орталықтарына, панасыз жандар түнейтін орындарға жеткізеді. Бастамаға үн қосуға шақырған хабарлама әлеуметтік желілер арқылы таратылды. «Жылылық сыйла» шарасы желтоқсан айының аяғына дейін жалғаспақ.
Жұпар Қожахмет, Еріктілер тобының мүшесі:
- Ерікті жастардың тобында 100-ден аса ерікті бар. Бірақ оларды топ бойынша бөлеміз. Қазіргі кезде қысқы киім қабылдаудың 3 негізгі орталығы бар. Ол Жастар ресурстық орталығы, негізгі пункт және ерлерге арналған сұлулық салоны, облыстық Қан қабылдау орталығы.