«Partners Media Group» жыл сайынғы «Cosmo Beauty Awards» сыйлығына дайындалуда
Сән әлемінің фавориттерін марапаттау рәсімі игі дәстүрге айналды. «Cosmopolitan» журналының оқырмандары жыл сайын ең үздік косметика өндірушілер мен Вeauty гаджеттерді таңдайды. Сондай-ақ олардың жабық жұлдызды кешке қатысуға мүмкіндігі бар.
Сәнқойларға арналған «Cosmopolitan» журналының оқырмандары қазір басылымның сайтында сүйікті иіссулары мен косметикалары және өзге де заттар үшін дауыс беріп жатыр. «Cosmo Beauty Awards» сыйлығын ұйымдастырушылар 22 санат бойынша үздік тауарларды анықтайды. Бұл – дәстүрлі әрі ұзақ күткен ісшара. Биыл сұлулық салонына да дауыс беруге болады. Бұл – жаңа аталым. Байқауға қатысушылардың саны 100-ден асады.
Диана Снегина, «Cosmopolitan Kazakhstan», «Partners Media Group» PR-директоры:
- Бұл – халықаралық сыйлық. Ол «Cosmopolitan» журналы шығатын әлемнің әр елінде өтеді. Қазір бізде «Сапа белгісі» сыйлығы жоқ. Ол ұйымдастырылмай қалды. Сол себепті «Cosmo Beauty Awards» сыйлығын «Сапа белгісі» байқауы деуге де болады. Өйткені оқырман белгілі бір далапты жақсы деп таңдаса, ол халықтың пікірі ретінде есептеледі.
Мыңдаған мейман мен танымал тұлғалар. Жақсы бонустар және әдемі сыйлықтар. «Сosmo Вeauty Аwards» – көпшілік асыға күтетін іс-шараның бірі. Кеш қаңтар айының соңында жабық форматта өтеді. Тек шақыру билетімен кіруге болады. Ал орын шектеулі.
Әнел Елікбаева, «Cosmopolitan Kazakhstan» журналының бас редакторы:
- Біз достарымызды, серіктестеріміз бен оқырмандарымызды шақырамыз. Әрине, барлығының қатысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін не істеу керек? Cosmo.kz сайтына кіріп, әр аталым бойынша ең үздік деген заттарға дауыс беріп, өзінің бьютибоксын жинай алады. Сол кезде оқырмандардың бьютибокс немесе кешкі думанға шақыру билетін ұтып алу мүмкіндігі болады.
Биыл «Сosmo Вeauty Аwards» іс-шарасына екі мыңнан астам қонақ қатысады деген болжам бар. «Partners Media Group» өкілдерінің айтуынша, кештің хэдлайнері де таңдандырмай қоймайды. Бірақ оның есімі әзірге құпия.
Авторлары: Ұлан Нарынбек, Александра Салмина, Мұхит Құдықбаев