Хабар телеарнасы

«MEGA Plus» адалдық бағдарламасы «Jaguar» көлігін сыйға тартты

Жаңа жыл қарсаңында бұл мүмкін! Тек «MEGA»-мен бірге! Жуырда танымал британдық брендтің екі орындық родстері Алматыдан Талдықорғанға жөнелтілмек. Өйткені «MEGA»-дан тауарды сәтті сатып алып, автомобиль ұтып алған Талдықорғанның тұрғыны екен.

«MEGA» тұтынушыларына тауарды ұтымды сатып алудың оңтайлы әдісі «MEGA Plus» адалдық бағдарламасын ұсынады. Осылайша ескі жылды оң көрсеткішпен аяқтамақ. Биыл жазда танымал ойын-сауық орталығы желісі «MEGA Plus» адалдық бағдарламасын іске қосты. Ал қыркүйекте «MEGA» «Jaguar» көлігіне байқау жариялады.

Мақпал Ержанова, «MEGA»-дан «Jaguar» ұтып ал!»науқанының жеңімпазы:

- Бұл енді шын. Бізде қарапайым халық мүмкін сенбеген де шығар. Бағың жанса, бәрі жақсы болады. Өте қуаныштымын!

Мақпал «MEGA»-дан 15 000 теңгеге киім сатып алып, қымбат көліктің иесі болып шыға келді. Ол барлық тауарды «MEGA Plus» қосымшасы арқылы төлепті. Ал «MEGA»-дан «Jaguar» ұтып ал!» науқанына «MEGA Plus» қосымшасын жүктеген адалдық бағдарламасы тұтынушылары қатысқан. Сондай-ақ 15 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін серіктестерден сатып алған тауарларды тек қосымша арқылы төлеген. Науқан аясында Біріккен Араб Әмірліктері мен Лондонға екі жолдама ойнатылды.

Рамазан Абилов, «MEGA»-дан «Jaguar» ұтып ал!»науқанының жүргізушісі:

- Бұл ұтыс ойындардың барлығы тек қана халықтың игілігі үшін ұйымдастырылуда. Халықтың көңілін көтеріп, мейраммен құттықтайық деген ниетпен «MEGA Plus»-тің атынан өткізіліп жатыр.

Жалпы науқанға 565 адам қатысып, 2000-нан астам купонды іске қосты. Көпфункционалды әрі жеке тұлғаға тіркелген төлем картасының мүмкіндігі көп. Мәселен, сатып алушылар «MEGA» сауда орталығы желісі мен «Astana Motors» автокөлік салондарында ұпай жинап, оны жұмсай алады. Ал «MEGA» үшін бұл – тек бастама! Өйткені ірі ойын-сауық орталығы адалдық бағдарламаларын ары қарай дамытпақ. Бағдарлама қатысушыларына «MEGA» жаңа тосынсыйлар дайындайды.

Авторы: Жандос Сұлтанғазы