300 жас Президенттің кадрлық резервіне енді
Жалпы финалға 13 мыңнан астам өтінім беріліпті. Оның ішінен тек 330-ы ғана іріктеліп алынды. Ал соңғы шешімді шығарған Ұлттық комиссия Президенттік жастар кадр резервіне 300 үміткерді таңдап алды. Енді келер жылдың І тоқсанында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі резервке алынған әрбір жас үшін құзыреттерді дамытудың жеке жоспарын әзірлейтін болады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:
- Олар алдағы жылдарда мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапты қызметтерге тағайындалады деп жоспарлануда. Жобаның стратегиялық мақсаты – мемлекеттік билік жүйесінде білікті басшылардың жаңа буынын қалыптастыру және жастар үшін әлеуметтік лифтінің ұтымды жүйесін құру.