Хабар телеарнасы

Алматыдағы №4 клиникалық ауруханаға зардап шеккен азаматтар жеткізіліп жатыр

Отбасымен бірге ұшқандар көп деген ақпарат бар. Дәл қазір Алматыдағы №4 клиникалық ауруханаға ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтар жеткізіліп жатыр. Оларға дәрігерлер алғашқы көмек көрсетуде.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Алматыдағы №4 клиникалық ауруханаға ұшақ апатынан зардап шеккен 19 азамат жеткізілді. Оларға жедел медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ олардың арнайы тізімдері жасалып, туыстарына хабар берілуде. Қазіргі уақытта сол тізім бойынша туыстарын тапқан азаматтар да бар. Оларға ауруханада арнайы психолог мамандар көмек көрсетіп жатыр. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің туыстары дәрігерлерден қандай да бір ақпарат күтуде. Сондай-ақ Алматы қаласы бойынша қан тапсыру шарасы басталды. Бұл – ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек ретінде жасалып жатқан шара. Қан тапсыру үшін Алматы қаласының тұрғындары Бұқар жырау көшесінде орналасқан қан орталығына баруға болады.