11-сынып оқушысы токпен жүретін трактор ойлап тапты
Жас ғалым ауыл шаруашылығына арналған шынжыртабанды техниканы токпен жүргізді. Оның ойынша, дизель отынын пайдаланбайтын трактор ең бастысы қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Уақытты үнемдеп, еңбек өнімділігін арттырады. Екі жыл уақытын сарп еткен жас өнертапқыш туындысы таяуда облыстық стартап жобалар байқауында жеңімпаз деп табылып, 576 мың теңге грантқа ие болыпты. Саятбектің ендігі арманы – осы қаражат арқылы жобаны жетілдіре түсу.
Саятбек Мейрамбеков, жобаның авторы:
- Жобаны жасауға 30 мың теңге ғана жұмсалды. Әкім гранты арқылы 570 мыңға жақсартылған түрін жасап бере аламын. Осы жобаны жалғастырамын деген ойдамын. Өйткені ток өзекті және болашақта мұнайдың орнын осы ток алмастырса, өте жақсы шешім болады деп ойлаймын.