Петропавлда 40-қа жуық коньки тебу айдыны ашылды
Себебі шаһарда кәсіпкерлер мен пәтер иелері кооперативтерінің көмегімен аулаларда жасанды мұз алаңдары құйылып жатыр. Биыл шаһарда 40-қа жуық коньки тебу айдыны жұмыс істейтін болады. Қыстың қызығына кенеліп, спортты серік еткен жандармен аймақтағы әріптесім Самат Қайырденұлы кездесіп қайтты.
Игорь Дубинец – пәтер иелері кооперативінің төрағасы. Бұрындары өзі де кәсіби түрде хоккеймен айналысқан. Спорт ардагері зейнет жасына жақындаса да, балғындарға деп жылда мұз айдынын жасайды.
Игорь Дубинец, ПИК төрағасы:
- Мұның барлығы, әрине, кейінгі ұрпақ жастар үшін. Кейде демалыс күндері жүздеген адам келіп, уақыттарын қызықты әрі тиімді өткізеді. Тіпті жасөспірімдер өзара жарыс ұйымдастырады. Өйткені бұл – барлық талапқа сай келетін хоккей корды. Өзіміз де ара-тұра келіп сырғанап тұрамыз.
Балалар үшін қыстың қызығы – коньки тебу. Сондықтан демалыстағы оқушылар қазір мұз айдындарына көптеп ағылады.
Міне, бұл хоккей кордының жұмыс істеп келе жатқанына жарты ғасырға жуық уақыт болған. Жастар жазда мұнда футбол, баскетбол, волейбол ойнаса, күн суытқан кезде қыстың қызығына кенеледі.
Максим Андронов, қала тұрғыны:
- Мен өзім осы үйде тұрамын. Күнде кешкісін достарымызбен шығып, коньки тебеміз. Осылайша таза ауада спортпен шұғылданып, керемет әсер аламыз.
Аулаларда мұз алаңдарын алу бастамасын жергілікті билік бастап, кәсіпкерлермен пәтер иелері кооперативі қостап әкетті.
Асқар Хабибулин, қала әкімінің орынбасары:
- 100% 26 сырғанақ салынды. Қала ішінде 4 жабық сырғанақ бар. Қаланың кәсіпкерлері қосылып жабылып салып жатырмыз.
Биыл облыс орталығында коньки тебу үшін 36 арнайы орын дайындалады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп.
Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев