Көлік нөмірі дубликаты әр облыстық орталықта небәрі 1 күнде дайындалады
Маманның сөзінше, қаңтардан бастап техникалық паспорт пен жүргізуші куәлігінің түсі, түрі, жалпы бейнесі өзгерген. Ал бұл жаңашылдықты ІІМ жүйеге енгізген. Бірақ 5 қаңтардан бастап құжаттарды қабылдау кезінде техникалық ақаулар жұмысқа кедергі келтіріпті. «Оны жоюға бірнеше күн қажет», – дейді маман. Сондай-ақ осы жылдан бастап көлік нөмірі дубликаты әр облыстық орталықта небәрі 1 күнде дайындалады. Бұл қызметті көпшілік бұрын кем дегенде 15 тәулік күтетін. Нөмірді әзірлеуді жылдамдату үшін орталықтарда арнайы қондырғы іске қосылыпты.
Ерлан Шүренов, «Азаматтарға арналған үкімет» өңірлік даму департаментінің директоры:
- Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы уақытша тоқтатылғаны рас. Өйткені көлік жүргізуші құжаттарының рәсімделуінің өзгеруіне байланысты жүйеге де өзгерістер енгізіліп отыр. Оған толықтай министрлікке қарасты мердігер компания жауапты. Әзірге ақаулар бар. Оны бүгін-ертең толық жоямыз деп отырмыз. Сондықтан 8 қаңтардан бастап қалыпты режимде жұмыс істейміз.