Алматыда кафедральді собор қайта жөндеуден өткізілді
Әлемдегі ең биік православ шіркеулерінің бірі саналатын бұл ғимарат ХХ ғасырдың басында тұрғызылған. Оның бірегей құрылысы 1910 жылғы ауыр зілзалаға да төтеп берген. Бірнеше дәуірдің куәсі болған шіркеуді қайта жөндеу жұмыстары осыдан екі жыл бұрын қолға алынған болатын. Республикалық деңгейдегі сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру үшін 2 млрд-тан астам қаржы жұмсалған.
Александр Суворов, протоиерей:
- Қайта қалпына келтіру жұмыстары ғимаратты 100% қамтыды. Шіркеудің төбесінен бастап іргетасына дейін қайта жасалды. Тіпті айналасы да ғимараттың тарихи рөліне сай қайта қалпына келтірілді.