Елімізде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың ережесі өзгерді
Жаңа жүйе бойынша Ақтөбеде өтініштер 4 орталықта қабылданып жатыр. Мұнда атаулы көмек түрлерінен өзге көпбалалы жанұяларға берілетін жәрдемақылар туралы да түсіндіріледі. Биыл өңір бойынша 14 мыңнан астам отбасы қолдау шараларымен қамтылмақ.
Бұлбұл Елеусінова, Әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
- Отбасының табысы кедейшілік деңгейінен төмен болатын болса, ол отбасы мүшелеріне АӘК тағайындалады. Егер отбасының табысы 100 мың теңге болатын болса, бұл отбасында 5 адам тұратын болса, табыс 5 адамға бөлінеді. Сонда әрқайсысына 20 000 теңгеден келеді. Ал бүгінгі күнге белгіленген кедейшілік деңгейі – 20 007 теңге. Ендеше отбасының әр мүшесіне 107 теңге көлеміндегі айырмашылығы ғана төленеді. Осыны біз ескеруіміз қажет.